ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тасқын кезінде судың сапасы өзгереді ме?

Бөлісу:

Өзендердің тасуы су сапасының нашарлауына әкеледі. Жедел ішек инфекцияларының және паразиттік аурулардың су жолымен таралу қаупі болуы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологиялы жедел ішек инфекциялары сияқты жұқпалы ауруларға қатысты.

 

Сырым Құрбанбеков, Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

-( Облыстың ауылдық аумақтары бойынша 148 су сынамасы, оның ішінде санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 74 су сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 74 су сынамасы зерттелді. 

Су тасқыны кезеңінде облыс бойынша барлығы 110 сынама іріктеліп зерттелді, оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштерге – 55 сынама, барлығы нормативтік көрсеткіштерге сәйкес және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге – 55 сынама алынды, зерттелу үстінде.)


Сонымен қатар биылғы жылдың 1 тоқсанында орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша барлығы 450 сынама  зерттеліп, оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштерге – 206, санитарлық-химиялық көрсеткіштерге - 244 су сынамалары сараланған. Нәтежиесінде сәйкес келмейтін сынамалар жоқ. Күнделікті өмірде, төтенше жағдайда қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау көптеген аурулардың алдын алады дедйі сала мамандары.

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты