Тасқын шайған жолдардың бірі Амангелді ауылына апаратын жол. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша күн күрт жылынғанда, қардың еру жылдамдығы жоғары болған. Нәтежесінде жол бойындағы су өткізгіштер қарғын судың қарқынына төтеп бере алмаған... Берік Әбдіғалиұлы мұндағы жолды қайта қалып келтіру барысында су өткізгіштердің санын көбейтуді тапсырды.
Биыл Сарлық бағытындағы 10 шақырым жолға асфальт төселеді. Өңір басшысы - Жолдың үстін қыру мен тегістеу жұмыстарын қазірден бастауды міндеттеді.
Әрі қарай жұмыс сапары Шеңбер ауылында жалғасын тапты. Қорғасын селолық округіне апаратын 28 шақырым жолдың Ащылы сай учаскесі тасқын судан зардап шеккендіктен, мұндағы халық аудан орталығына уақытша айналма жолмен қатынауда. Облыс әкімі жолдың су шайып кеткен тұсын сәуір айының соңына дейін дұрыстауды жүктеді.
Аталған учаскені қалыпқа келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Қазіргі таңда екі ауылда да автокөліктердің қатынауына кедергі жоқ. Жұмыс сапары әрі қарай Терісаққан, Қаракеңгір елді мекендерінде жалғасын тапты. Ол жөнінде жаңалықтарымыздың ертеңгі санында айтатын боламыз.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы