ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ғылымға жол ашатын кәсіпорындарды қолдау қажет

Бөлісу:

1995 жылы қыркүйекте мыс қорыту зауытындағы сирек металдар цехының базасында «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тұсауы кесілді.Мамандардың айтуынша ол – тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша техникалық және технологиялық тараптан аэроғарыш және мұнай-химия өнеркәсібінде қолданылатын рений мен осмий изотоптарын өндіретін ең ірі орын. «Жезқазғансирекмет» басшысы Нариман Әбілқанов өңір басшысына кәсіпорынның құрылу тарихымен қатар, корпорациядағы шикізатқа тәуелділік, қаржылық тұрақсыздық пен кадрлардың тұрақтамауы аясындағы мәселелерді жеткізді. 


Нариман ӘБІЛҚАНОВ «Жезқазғансирекмет»ШЖҚ РМК басшысы 

«Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақмыс корпорациясына тәуелді болып келеді.Корпоарция қанша береді, сонша ғана тбыс әкеледі. Рений - өте сирек кездесетін, үлкен сұранысқа ие металл. Кезінде Жезқғазған әлем бойынша рений шығаратын үштікке кірген.Сол үштіктің ішінде Қазақстан 2-ші орында тұрды. Қазір бізде басқа Қазақстанда рений шығаратын кәсіпорын жоқ. Қайта форматтау қажет, сол үшін жұмыс жасап жатырмыз. 


Осылайша, шикізатқа тәуелділіктен бас тарту шеңберінде қайталама шикізатты қайта өңдеу технологиясы әзірленіп, енгізілді. Ол үшін «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жоғары маркаға  көшуді және никель-кобальт және вольфрам-тантал концентраттарын алуды көздейтін 1 млрд 780 млн теңге сомасына мемлекеттік инвестициялық жоба әзірленді. 


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

Күзге,ендігі жылға жұмыс істейік.Ол үшін протоколға кіргізу керек.Проект бәрін дайындаңыздар. Есептеп,барлық құжаттырмен. Ол ақша келсе, барлығын қосып жаңа уровеньге шығасыздар ғой?по продукций. Әлем бойынша алғашқы топтыққа қайта кірсезідер. Бұл өте маңызды. 


Облыс әкімі өз кезегінде аталған инновациялардың маңызды тұстарын атады. Өңір басшысының айтуынша өндірісті кеңейту және өнімдерімізді экспортқа шығару үшін ғұндай ғылымға жол ашатын кәсіпорындарды қолдау қажет.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ



Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты