Кітап – өзінің берген ақылы үшін ақы алмайтын, адамның ең сенімді досы! Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлытау» сериясымен жарыққа шыққан «Жошы хан» және «Ұлытау кереметтері» атты жинақтарда өндірісті өлкенің терең тарихына қатысты ғылыми-танымдық дүниелер топтастырылған.
Алматы қаласындағы «Samga Press» баспасынан жарық көрген кітапдардың таралымы 500 дана. Тұсаукесерге келген өңірдегі зиялы қауым өкілдері мұндай шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды...
Айта кетейік, тұсаукесер салтанаты барысында жиналғандарға “Ұлытау- ұлт тарихы” кесенелер көрмесі мен “Ұлытау-жыр арқауы” кітап көрмелері ұсынылды. Ал, қос кітаптың лентасын қала әкімі Қайрат Шайжанов пен қоғам қайраткері Төлеген Бүкіров қиды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы