ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Онколог мамандар қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға тегін кеңес берді

Бөлісу:

Мамандар онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қызметін бақылайды, халыққа консультативтік-диагностикалық және практикалық көмек көрсетеді. Өңірдегі жағдаймен танысқан мамандар денсаулық сақтау мекемелеріндегі түйткілді мәселелерге тоқталды.

 

Тимур НАСРЫТДИНОВ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының операциялық блогының меңгерушісі

Мониторинг жұмыстары аяқталған соң нәтижесін шығарамыз. Ал әзірге байқағанымыз кадр тапшылығы.Бұл үлкен мәселе. Диагностиканың жағдайы да мәз емес.Қазір Ұлытау облысында 5 комьютерлік томография тіркеліп тұрған болса, өкініштісі соның біреуі ғана жұмыс істейді. Кешенді жоспарға үлкен қаржы бөлініп отыр.Әріптестік аясында жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын. 


Жезқазған қаласында болған екі күн ішінде 50 адамға қабылдау ұйымдастырылды. Әріптестер тәжірибе алмасып, диагностикалық дағдыларды жаттықтырды. Сонымен қатар, жатыр ісігі бар науқасқа бірлескен операция жасалды.

 

Хусан УМУРЗАКОВ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкоурология орталығының меңгерушісі 

Науқасқа жатырдың ісігі деген диагноз қойылған. Одан бүйрек гидронефрозын анықтадық. Гидронефроздың нәтижесінде бір немесе екі бүйректе зәрдің жиналуы бүйректің ісінуіне және ұлғаюына әкелуі мүмкін.Узи жасадық. Нефростома орнаттық. Бұл дегеніміз тері арқылы пункция жасау арқылы анықталған бүйректен зәрді шығаруға арналған дренажды түтігі. Қазір науқасты үйіне шығардық. Жағдайы жақсы. 

 

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының өкілдері мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы арасында одан әрі ынтымақтастық мақсатында келіссөздер жүрігізлді. Жергілікті дәрігерлер онкология және радиология институтында урологиялық онкология, гинекологиялық онкология, абдоминальді және кеуде қуысы хирургиясы салаларында операциялар жасау үшін оқитын болады. Айта кетейік, тұрғындарды қабылдау кезек күту тәртібімен ертеңге дейін облыстық көбейінді аурухананың 7-қабатында жүргізіледі.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты