Иә, Қаныш пен Жезқазғанның есімі қашаннан егіз ұғым! Ал, 1990 жылдан бастап атақты академиктің атын алған білім шаңырағы – облыс орталығындағы озат оқу ордаларының бірі. Мұқым Алаштың маңдайына біткен мәртебелі ұлдың қалдырған мұрасы мен еткен еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатын көздеген кешке мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты. Қайратке тұлғаның руханият саласына қосқан үлесі де назардан тыс қалмады...
Мерекелік шараға Қаныштың мектебін қанат қаққан ұстаздар бейне-құттықтау жіберген. Білім бөлімінің басшылығы мен ардагер ұстаздар осынау кешке арнайы келіп қатысты.
Сонымен қатар, айтулы даталарға арналып мектептегі «Қаныш жолы» газетінің мерейтойлық саны жарық көрді. 1500 аса бала білім алатын мектеп биылғы оқу жылын үлкен жетістіктермен қортындыламақ...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы