Қабылдауға келгендердің бірі- Ұлытау ауданы, Қарсақпай кентіне қарасты шаруа қожалығының иесі Әбдіғали Орынбаев. Ол Бейнеу-Сексеуіл темір жолы бойындағы өтетін өткелді жауып тастағанын айтып, оны ашуды сұрады. Себебі, қазір өткелді айналып өту үшін 60 шақырымдай жол жүруге тура келеді.
Әбдіғали ОРЫНБАЕВ шаруа қожалығының иесі
Шаруашлық барлығы өзеннің жағасында. 30 шақырымға айдалаға тастады. Одан өтіп жатқан ешкім жоқ.Фактический қиналатын біз.Әсіресе, көктемде,қыста.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Бұрын тарихында жазып бұрын былай өтеміз деп,қандай,қанша шаруашылық бар ол жерде.Біз Қазақстан темір жолына жібереміз. Бірақ дұрыстап жазыңыз барлығын. Біз сол өтінішті жіберейік. Сосын олардың пікірін алайық. Сосын ақылдасамыз.
Сәтбаев қаласының тұрғыны Жібек Ахметова үйінің шатырын жауып беруге өтініш айта келген. Тұрғын өзімнің шамам келмейді,балам болса аурухана дейді. Сәтбаев қаласы әкімдігіне барған,алайда ешқандай шара қабылданбаған. Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов 25 үйдің шатырын жабуға қаржы бөлінген, енді конкурс өткізу қалды дейді.
Алмат САУХИМОВ Сәтбаев қаласы әкімінің м.а.
Қабылдауға жазылған өзге де тұрғындар денсаулық саласына қатысты, зейнетақының дұрыс төленбеуі, жатақхана мәселелерін қаузады. Барлық тұрғынның тілген тыңдаған аймақ басшысы басқарма бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ