ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жүйелі жұмыстар жалғасын табуда

Бөлісу:

Жезқазған қаласындағы батыс ауданды дамытудың алғышарты жасалды. Атап айтар болсақ, аумаққа құбыр орнату жұмыстары басталды. Нәтижесінде жаңа аудан су, жылу, кәріз желілерімен қамтамасыз етіледі. Өңір басшысы бастаған топтың алғашқы аялдамасы аталған жұмыстар атқарылып жатқан алаң болды...

 

Қаланың бекітілген бас жоспарына сәйкес жаңа ауданда әкімшілік ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Осы мақсатта бас аяғы жеті шақырым жолға магистральді жылу желілері, бес шақырымға су құбырлары, төрт шақырымға су бұру желілері жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңында дейін аяқталады деп күтілуде...  

 

Берік Әбдіғалиұлы - ұлттық жоба аясында салынып жатқан 300 орындық жайлы мектептің құрылыс барысымен де танысты.. Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтеретін білім ордасы биыл қолданысқа беріледі. Шағын ауданнан қалаға қатынап жүрген 200-ден астам оқушысы осы мектепте оқитын болады. Нысанға жеке модульді қазандық та салынады. 

 

Білім ошағында 25 орындық даярлық тобына да орын қарастырылған. Өңір басшысы жобаның тұрақты қадағалауда екендігін жеткізіп, мерзімінен кешіктірмеуді міндеттеді. 

 

Алдағы уақытта құрылыс басындағы топ - жұмыстарды жеделдету мақсатында екі ауысымдық кестеге көшпек. 

 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты