Заман жарғысы ҚБ жанынан 2016 ашылған «Ханшайым» әйелдер клубы бүгінде өз жемісін беріп келеді. Клубта 50-ден астам ана бар. Бүгінгі фестивальге соның 10-ға жуығы қатысты.
Әсем СЕРІК «Заман жарғысы»ҚБ төрағасы
Мамфест фестивальі негізі 2016жылдан бері өтікізліп жатыр. Осы уақытқа дейін біздің өңірімізге басқа шетелден юсейд деген компания келіп әйелдері қолдау бағдарламасын жүргізейік деген болатын. Содан кейін біз әйелдер клубын құрып сол бастан 2016 жылдан бастап жұмыс істедік. Зорлық зомбылық көрген әйелдер болсын, жағдайы қиындыққа түскен әйелдер болсын қыз келіншектерді аяққа тұрғызу басты мақсат.
Алғашқы кезеңде аналар өздерін таныстырса, екінші кезеңде өнерлерін көрсетті, ал үшінші кезеңде логикалық сұрақтарға жауап берді. 3 баланы тәрбиелеп отырған Гүлден Халықова үлкен сахнада өнер көрсету арманым еді.Бүгін орындалды дейді.
Гүлден ХАЛЫҚОВА «MAMAFEST-2024» фестивальінің қатысушысы
Өзімнің кәсіби талантым жоқ болса да өз балаларым үшін жасаған көйлектерді,подделкаларды жасап әкелген жайым бар. Сайысқа келгеніме өкінбеймін.Барлық ана жеңіске лайық деп санаймын.
Байқау соңында ең үздік аналар марапат бигінен көрінді. Айта кетейік,күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойды. Енді әйелге қол көтеріп, балаға зорлық қылғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, облыста аналарды қолдау шаралары жалғаса бермек..
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ