Жиынға қала әкімінің орынбасарлары,бөлім басқарма басшылары мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Шаһар басшысы барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға акцияға белсенділік танытуға шақырды.
Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту,күтіп ұстау және аббаттандыру жөніндегі іс-шаралар бектіліді.Енді сол жоспар бойынша жұмыс жасау қажет.
Науқан 5 аптаға созылады. Әр кәсіпорын өздеріне белгіленген аумақты тазалауы тиіс. Жиында Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Бекжігітов әр бөлімге бөлінген аумақтарды тізіп шықты.
Қанат БЕКЖІГІТОВ Жезқазған қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы
Жоспарға сәйкес сіздің ұйымдарыңыз мынандай аймақтарға бөлінген: Бірінші- әуежай жолы. Темір жол өткелінен әуежайға дейін әлеуметтік блок Жайлаубаев жауапты.Қаражар көшесі. Сәтбаев айналма жолынан темір жол өткеліне дейін, шаруашылық блогы Құсайыновқа.Сондай-ақ ағаштарды әктеу, жол жиегін қоқыстардан тазарту,топырақты қопсыту сияқты жұмыстарға да жауапты адамдар бекітіліді.
Сондай-ақ, жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты тұлғаларға барлық техника мен қажетті құрал-жабдықтарды қамтамасыз ету тапсырылды. Шаһар басшысы Қайрат Шайжанов тапсырма орындалмаған жағдайда бірінші басшылар жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.Акция қорытындысы бойынша әрбір ұйымның қызметіне баға беріледі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ