Басқосуға жиылған ғалымдар «Алтын Орда дәуірінің ескерткіштеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы гранттар бөлу керек» деген ұсыныс айтты. Шарада Жошы Ұлысының тарихы бойынша жаңадан жарық көрген ғылыми зерттеулер мен мәдени мұра нысандарын насихаттау барысы да талқыланды.
Ұлытау ежелден металлургияның орталығы болған. Шыңғыс қағаннан еншісін алған Жошының ордасын осында тігуі де бекер емес. «Сондықтан Ұлытау есімін діни-ғұрыптық дәстүрлермен байланыстырғаннан гөрі мемлекеттіліктің орталығы ретінде қараған жөн»,- дейді ғалымдар.
ЖҰМАН СМАИЛОВ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
-Ұлытау мемлекеттігіміздің орталығы болған. Мемлекеттігіміздің айғағы. Сондықтан Ұлытауды зерттеген кезде бірінші мемлекетіміздің негізі құралған жер деп, осы жерге үш жүз келіп басын қосқан жер деп жазып қойған айғақ.
Қазақ хандығы кешегі Алтын Орданың тікелей мирасқоры десек, сол орданың тарихы Жошы ұлысынан тамыр тартады. Бүгінде Ұлытау даласында республикалық маңызға ие 12 тарихи-мәдени кешен бар. Оның тең жарымы Жошы дәуіріне тиесілі.Жошы есіміне байланыстыра отырып, Ұлытауды тарихи туризм орталығына айналдыру алғышарттары 2019 жылдан бері қолға алына бастады.
БЕРЕКЕТ КӘРІБАЕВ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
-қанша жерден тарихи ескерткіштер болғанымен де оны көрсете білу үшін жарнама, ролик керек. Ең бастысы қызыққан адам келген кезде сол шаршамай табиғатқа қарап ләззат алып, келесі жолы қасына бірнеше адамды ертіп келемін деген сезіммен кету керек. Мен сонда айтар едім президенттің тапсырмасы орындала бастады деп. Тек қана дүниежүзі емес, Қазақстанның өзінен Жошы ханды, Алаша ханды білем деушілер 100 есе артқан болар еді.
Ұлт тарихын түгендеуде қашанда күрделі мәселелер бар екенін айтқан ғалымдар алдағы уақытта тарихты әлі де толықтай зерттейміз деп отыр. Бұдан бөлек, келелі кеңесте «Қ.Сәтбаев-тарихшы», «Ұлытау аймағы ортағысрлық тарихта», «Әлкей Марғұлан археологиясы»тақырыптарында баяндамалар оқылды. Соңында маңызды қарар қабылданды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ