ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жаңа заң: әйелдер мен балаларды қорғау

Бөлісу:

Енгізілген нормалар мен бірқатар түзетулер әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатады. Отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтады. Денсаулыққа орташа зиян келтіргендер 2 жылға дейін, ал ауыр жарақат салғандар 3 жылдан 8-жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

 

Валентина ПРЕДЕИНА «Томирис» балалар мен әйелдерді қолдау орталығының директоры 

Әйтеуір әйелдер бала үшін деп шыдап бағады. Керісінше бала үшін, күресу керек деп ойлаймын. Ұру-соғу оңай болып кетті қазір. Анасына қарап қыз бала да мұны норма санайды. Демек, әйел болған соң шыдап бағу керек деп өзін сендіреді. Арты қайығылы жағдайға ұласпайтынына кім кепіл. 


Бұдан бөлек отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Президент қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заңға қол қойылғанға дейін елдің құқықтық жүйесінде әйелдердің құқықтарын қорғау іс жүзінде толық іске асырылмағанын мойындау қажет. Құқық қорғау жүйесі ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік сала өкілдерінің жұмыстары, сонымен қатар медициналық және психологиялық қызметтер де ширай түседі. Олар енді бірлесе отырып әрекет етеді.
 

Валентина ПРЕДЕИНА «Томирис» балалар мен әйелдерді қолдау орталығының директоры 

Заң күшіне енді. Енді барлық өңірлерде әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер жұмыс істейтін болады. Бұрын әйелдерді қорғаумен қалада бір ғана адам айналысатындықтан, бұл адамға басқа да міндеттер жүктелді. Ал мұнда әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі арнайы мамандандырылған бөлімше жұмыс істейтін болады. Демек, қорғау,қолдау күшейтілді деген сөз. 


Сондай-ақ  заңда балаларға қатысты жасалған барлық қылмыстарға татуласу рәсімі алынып тасталды. Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені, яғни, буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Бұдан былай білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті.Көпшілік күткен  бұл өзгертулер еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаюына септігін тигізеді деп сенеміз. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты