Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды киіндіру қиын және ол өте қымбатқа түседі. Арнайы тігілетін киім-кешектерді таңдау да оңай емес. Өйткені олар көбіне тапсырыспен жасалады немесе шет елдерден әкелінеді. Осылайша Салтанат Сейілбекова мен әпкесі Жанар Қожабергенова ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған киімдер тігу ісін қолға алған.Салтанат өзінің бұл жұмысын әлеуметтік маңызы бар жобалар қатарына жатқызып, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысады. Содан 5 млн теңге грант жеңіп алып, қазіргі таңда кәсібін әпкесімен бірге дөңгелетіп отыр. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы осында сырт киімдер, күртешлер тігеді. Ол шешініп, қайта киінуге де өте ыңғайлы.
Әпкесі екеуі бұған дейін тапсырысты үйде қабылдап отырған.Қазір жұмыс істеуге қолайлы арнайы студия ашып алған. Қарамағында 4 адам еңбек етеді.
Жанар ҚОЖАБЕРГЕНОВА «Erke.M»тігін студиясының технологы
Салтанат сіңілім осындай студия ашты. Ерекше балаларға арнап киіп тігеміз. Одан да басқа өнімдеріміз бар. Көрпе көрпешелер тігеміз.
Облыстық мәслихат төрағасы Баруыжан Шыңғысов киімдер шетелдің киімдерінен артық болмаса кем емес деп баға берді. Және де тігін студяисын әрі қарай кеңейткісі келсе басқа да көптеген гранттар бар екенін түсіндірді.
Облыстық мәслихат төрағасы бастаған топ одан әрі Гүлнұр Қабденнің ерекше кәсібімен танысты. «Мінсең көлік, жесең ет, ішсең қымыз» дейтін қасиетті түлік жылқының қадірін бабалар бұрыннан айрықша бағалаған. Сол түлік төресін терең зерттеп, зерделеген Гүлнұр бие сүтінен жасалатын диеталық тәттілер шығаруды қолға алған. Грантқа қатысып 3 млн теңгеге тәттілер дайындайтын құрылғылар мен тоңазтқыш сатып алған. Кездесдуе депутаттар көбінесе кәсіпкерлерге тосқауыл болатын мәселелерге баса назар аударды.
Еркебұлан БОДЫҚОВ Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
-Бүгінгі шығып жатқан шарамыз тексеру емес,кәсіпкерлердің жұмысымен танысу. Түйткілді мәселе болса оны билікке жеткізіп, мәселесін шешу.
Ғалымдардың пікірінше, бие сүтінің құнарлығы ана сүтінен кем емес.Демек бие сүтінен жасалған тәттілер ағзаңызға кері әсер бермейді, керісінше пайдалы. Жалпы, халық қалаулылары кәсіп ашқан жандардың жұмысын бағамдап, кеңестерін де берді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/oQKeKzNUWOo]