ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Мейірімге толы мамандық иесі

Бөлісу:

Оразкүл Бірімжанованың  жұмысын біреу елесе, біреу елей бермеді. Бірақ, жұмысына адалдық танытқан жанның осы салада жүргеніне 40 жылға жуықтапты. Иә, сәби деген сыздаған жерін көрсетіп, ауырған жерін айта алмайды. «Сондықтан бұл абыройлы қызметте дәрігердің одан кейін медбикенің түйсігі мықты болу керек», - дейді маман.Оразкүл Бірімжнова еңбек жолын туған жері Байқоңыр ауылында бастаған. Кейін Қарсақбай кентінде тұрмыс құрып, мерейлі мамандығын жалғастырады. 


Оразкүл БІРІМЖАНОВА балалар медбикесі  

Еңбек жолымды бастағаныма 38 жыл болды. ОСы жерде қазір балалар мейірбикесі болып істеймін. Біздің осы Қарсақбай кентіне жан-жағымыздағы ауылдар  Байқоңыр,Қоскөл, Пионер,Ақтас елді мекендері кіреді. Бірінші көмек көрсетеміз. Түн болсын, уақытпен санаспаймыз. Емдерін жасап емдейміз жағдайымыз келмей жатса қалаға ауруханаға жібереміз. 


Балалардың тілін табу, бабын жасау әрине, қиынның-қиыны. Әйтсе де, қиналғанын жүрегіңмен сезу, аурудың алдын алуға кеңес беру біздің басты міндетіміз» – деп жауап қатты білікті маман. Оразкүл Жалғасбайқызына алғыс айтып келетін ата-ана да көп.  Аналар әлі күнге өзіне хабарласып, кеңес сұрап, алғыс жаудырады екен.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


[media=https://youtu.be/6SG7nbg4cAQ]


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты