Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты 2 маңызды құжатқа қол қойғаны белгілі. Жаңа нормалар мектептердегі қорлаумен күресуге бағытталған. Осылайша, кәмелетке толмағанды қорлау қорқыту, киббербулинг үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Бұл әрекет үшін ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қайта қорқыту үшін 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл көзделген. Ал егер бұл әрекетті 12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса – ескерту жасауға немесе ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, егер буллингке ұшырау жағдайлары орын алған болса, жедел түрде бала туралы жедел ақпарат жиналып, сынып жетекшісі педагог-психологпен бірлесіп, буллингке ұшыраған баламен де, жәбірлеген баламен де әңгімелесу жүргізуі тиіс.
Влада ТАСТАНОВА №26 гимназиясының педагог-психологы
Қорқытуға әдетте үш тарап қатысады: агрессор, жәбірленушінің өзі және бақылаушылар. Мұндай жағдайда мектеп не істейді: біз балаларға сыныптағы агрессор, кім бақылаушы, кім жәбірленуші екенін анықтайтын арнайы сынақтар береміз. Содан кейін балалармен ата-аналармен бірлесіп жұмыс істейміз. Буллингке кез келген сыныптағы оқушылар ұшырауы мүмкін. Балаға психологиялық және эмоционалдық қолдау жасап отыру керек.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРМАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/gNbNmoZnvOU]