ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тәлімгерлер кеңесі

Бөлісу:

Маңызды ұйымның отырысына облыстық ардагерлер ұйымының өкілдері мен жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Аға буын өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, ақыл кеңестерін айтты. Аманбек Мұқатаевтың тәлімгерлер кеңесінің құрамында болуы бекер емес. Ол-

Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Ішкі Істер Министрлігінің құрметті ардагері, Ұлытау облысы Ішкі істер органы және Ұлттық Гвардия Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Адал еңбектің арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Енді жас мемлекеттік қызметшілер де жұмысына адал,халқына жақын болса дейді.

 

Аманбек МҰҚАТАЕВ тәлімгерлер кеңесінің мүшесі 

Жас қызметкерлер халықпен жақын,тығыз байланыста болуы керек.Сонда оларды беделі де өседі,қызметтері де дүркірейді. Бұл тәлімгерлік кеңес деген келесі ұрпаққа өте керек зат. Қызмет бастау жолында үлкендерің қалай қызмет еткенін біліп, әрі қарай іске асыра біледі. 


Отырыс диалог форматында өтті. Әр қатысушы өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Түйткілді мәселелрді ортаға салды. Кеңес мүшелері жұмыстың тиімділігін арттыу бойынша нұсқамалар берді. Иә, аға буынның тәжірибесіне сүйену жұмыс тиімділігін арттырады. Кеңес жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра бермек. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты