Өткен сенбіде облыс орталығында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. 130 бірлік арнайы техника жұмылдырылған сенбілікке – облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен шаһар басшысы Қайрат Шайжанов, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпорындар мен жеке ұйымдардың еңбекерлері, өндіріс өкілдері және белсенде тұрғындар қатысты. Экологиялық акция аясында ағаштарды әктеу, Кеңгір су қоймасының жағалауын жинақтау сынды жұмыстар да назардан тыс қалмады.
Сенбілік барысында Барлығы 500 гектардан астам жер тазартылып, 18 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. Көктем келгелі Жезқазғанда мұндай сенбілік үшінші рет өткізілуде.
Сенбілікке шыққан жандардың еңбегі зая кетпес үшін, тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға деген құрмет болу керек. Таза қалада өмір сүргіңіз келсе, өзіңізден бастаңыз!
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы