Облыс аумағында 8 сәуірден бастап өрт қауіпті кезеңі басталды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында көктемгі-жазғы кезеңде жалпы ауданы 646,5 гектардан астам алаңда 25 табиғи жану және өрт болды. Казгидрометтің мәліметіне сәйкес ағымдағы жылы жоғарғы өрт қаупі сақталады. Сондықтан да бірқатар-іс шаралар қолға алынды.
Облыс аумағында 21 өрт сөндіру бекеті құрылды, ол 47 елді мекенді өрттен қорғаумен қамтамасыз етеді. Биыл тағы 3 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарда бар.
Одан кейін су тасқыны кезеңінде санитарлық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды күшейту туралы баяндама жсалады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет облыс тұрғындары тұтынатын ауыз судың сапасына тұрақты бақылау жүргізеді. Департаментте есепте 34 орталықтандырылған және 21 орталықтандырылмаған су құбыры бар. Су тасқыны кезеңіне дейін бақылау нүктелер саны 73 болды, олардан жоспарлы түрде 450 сынама алынды.
Сырым ҚҰРБАНБЕКОВ Ұлытау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі боынша 64 сынама алынды. Сәйкес емесі үшеу.
Қалған анықталып жатқан сәйкессіздіктер бойынша сол нүктелерде қайта іріктеу жоспарлануда. Жезқазған қаласында 16 сәуір күні жылы су құбыры желілерін жоспардан тыс хлорлау жүргізілді. Судың сапасын бақылаумен қатар, инфекциялық ауруларға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Айта кету керек, су тасқыны мен су тасқынынан кейінгі кезеңде облыс бойынша инфекциялық аурулар тіркелмеген. Жиында облыс әкімі су тасқыны кезінде бұзылған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын бастауды тапсырды.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Жолдарға байланысты. Жаңаарқадағы 2 көпірге есепту жүргізу керкек. Ұлытау жолдары бойынша да. Су тоғандарын балансқа алу, жөндеу барлығын жоспарға қосыңыздар.
Сондай-ақ Берік Әбдіғалиұлы су тасқыны кезінде қалып қойған малдардың өлекселерін тез арада анықтап, жинауды тапсырды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ