Қазақстанның орталығындағы ерекше архитектуралық ескерткіш мемлекеттің қорғауында. Оғыз-Қыпшақ заманындағы сәулет өнерімен салынған кесенеге келетін туристер қатары жыл санап артып келеді.
Ерғазы АЯНБАЕВ Малшыбай ауылының әкімі
Жошы хан мазарына «визит-центр» салынғаннан бері жылына 4-5 мыңдай қонақ келеді. Жошыханға соққан адам Алашахан мазарына міндетті түрде келеді. Сол себепті ауыл тұрғындары осы жерде аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын ұйымдастырады. Бүгінгі тазалау жұмыстары барысында жолдың бойы және мазар маңайынан 20 қаптай қоқыс шығарылды.
Жалпы,тазалық акциясына 30-ға жуық адам қатысты. Ескерткіштің шаңын сүртіп, айналасындағы қоқысты жинап шықты ауыл тұрғындары.
Тұрар ТҮСІП Малшыбай ауылының тұрғыны
Бүгін тазалуға шықтық.Ауылдың жігіттері көмектесіп тұрады. Ауылымыз көркейіп жатыр. Ауа-райы да жақсы болып тұр. Сырттан адамдар көп келеді көру үшін. Шетелден де келеді. Сол үшін тазалықты сақтап жүреміз.
Айта кетейік, экологиялық акция әр түрлі атаумен, өзіндік мән мағынасымен мамыр айына дейін жалғасын табады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ЖАСҰЛАН ТӨЛЕН «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ