Аймақ басшысының Жаңаарқа ауданына жасаған жұмыс сапары ауданға қарасты Қараағаш ауылдық округінен басталды. Берік Әбдіғалиұлы алдымен көктемгі су тасқыны кезінде баспаналарына су кірген тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, қарғын судың қарқыны бұл ауылды да айналып өтпеген. Қараағашта 10 ға жуық үйге су кірген. Жергілікті билік келген шығынды есептеп, оны жою мақсатында арнайы комиссия құрған. Өңір басшысы тасқыннан зардап шеккен бірде-бір тұрғын ескерусіз қалмайды, көмек барлығына көрсетіледі деді.
Әрі қарай облыс әкімі ауыл орталығындағы Ынталы орта мектебіне ат басын бұрды. Аудандық және облыстық деңгейлерде түрлі додаларда топ жарып жүрген білім шаңырағында бірнеше үйірме жұмыс істеуде. Мектеп ғимаратынан ашылған шағын мұражайда ауылдың арғы-бергі тарихы түгелдей жинақталған. Оқу ордасы қолға алған жаңа жобаларға Берік Әбдіғалиұлы сәттілік тіледі.
Жұмыс сапары ауылда бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанатымен жалғасын тапты. Бұл – жыл басынан бері тек Жаңаарқа ауданында беріліп отырған төртінші медициналық нысан.
Жаңа ғимаратта заманауи ФАП талаптарына сай ЭКГ аппараты, вакцина сақтайтын тоңазытқыштар, залалсыздандыру құрылғылары және фельдшерлерге қажетті барлық жабдық бар. Медициналық мекеме білікті кадрлармен толыққан.
Биыл облыстың ауылдары мен елдімекендерінде жалпы саны 11 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық бекет салу жоспарлануда.
Қараағаш – өңірдегі орманды алқап. Облыс әкімі ауыл іргесінде бастауын алған ағаш егу науқаны да қатысты. Мұндағы орманшылар мамыр айының ортасына дейін 1 млн 700 мың түп қарағай отырғызбақ. Көшеттер солтүстік облыстардағы арнайы тұқымбақтан сатып алынған. «Облыс климатына бейімделген әрі төзімді келеді» дейді мамандар.
22 мың гектар аумақты алып жатқан шаруашылықтың 6 мың гектары орманмен көмкерілген. Болашақта көлемі одан әрі ұлғайтылады. 2025 жылға дейін Жаңаарқа даласына 18 млннан астам ағаш көшеттері егілетін болады. Оларды күтіп-баптап ұстауға қарамағында 50-ден астам жұмысшысы бар арнайы коммуналдық мекеме жауапты болмақ.
ЖАЙЛАУ БАЛТАШОВ, ауылшаруашылығының ардагері
-(ертеде бұл жерде қарағай деген өспеген. Кейінгі кезде өсірді. Бастапқыда терек, клен, қараағаш егетін. Жаңағы қарағайымыз бертінде Көкшетаудан, Павлодардан әкеліп тұқымды соны екті тәжірибе жасап. Ол өсетіндей болды осы жерге. Содан қазір қарағай қаулап кетті. )
ҚУАТ ИМАНТҮСІПОВ, Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы
(-Биылғы жылға ағаш көшеттерін егуге 12 трактор, 5 ағаш егу агрегаты, 5 копатель дейміз 4 тіркемесімен қоса келді. Техниканың барлығы орман шаруашылығының балансына орналасты. Бүгінгі күні алғашқы ағаш отырғызуды бастап кетті.)
Облыс әкімінің жұмыс сапары Жаңаарқа ауданының орталығында қортындыланды. 1 сәуір мен 1 маусым аралығында облыс көлемінде жарияланған санитарлық тазалық пен абаттандырудың екі айлығы мұнда белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Кент көшелеріне 200 түп қарағай егілді. Оларды күтіп-баптау жұмыстары да жүйелі жолға қойылған деді аудан әкімі...
Қанат Қожықаев, Жаңаарқа ауданының әкімі
Сонымен қатар өңір басшысы кент келбетін жақсарту мақсатында қолға алынған «Сәулетті келбет» жобасымен де танысты. Аталған жоба аясында ескі үйлердің қасбеті күрделі жөндеуден өтуде.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы