Иә, Ұлытау облысының ашылуы – өңірдегі көптеген салаларға оң әсерін тигізуде. Өткен жылы ғана құрылған «Ұлытау» футбол клубы ел біріншілігінің екінші лигасын жеңіспен аяқтап, биылдан бастап бірінші лигада өнер көрсетуде. Өз алаңындағы кездесулерді «Металлург» стадионында өткізіп жүрген ұлытаулықтар ендігі европалық стандарттарға сай келетін соңғы үлгідегі көгалда ойнайтын болады.
Футболшыларды қолдау мақсатында қолға алынатын жұмыс келер айда басталмақ. Өңірге арнайы келген Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов аталған шаралар федерацияының «Alan» жобасы арқылы жүзеге асырылады деді.
Еліміздегі футбол федерациясының басшылығы спортты дамыту бағытында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Жүздесу соңында Берік Әбдіғалиұлы мен Әділет Барменқұловқа «Ұлытау» футбол клубының жейдесі табыс етілді.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы