Шараның басты мақсаты- басшылық лауазымдағы әйелдердің үлесін арттыруға және жастарды қолдауға баса назар аудара отырып, мемлекеттік қызметте тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді қалыптастыру. Бүгінде облыс деңгейінде Мемлекеттік қызметтің 55% -ын әйел азаматтар оның ішінде басшылық лауазымын 39%-ы ал, Мемлекеттік қызметте жергілікті атқарушы органдарда мүгедектігі бар 16 жан қызмет етеді.
Самат ҮМБЕТАЛИЕВ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Бүгін міне департаментпен “Мемлекеттік қызметтегі тең шарттар мен мүкіндіктер” тақырыбында арнайы сұхбат алаңын өткіздік. Бұл жерде мемлекеттік қызметке әйел азаматтардың, жастардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметке орналасуында қандай бүгінгі таңда Мемлекет жағдай жасап жатыр, сол мәселені талқыладық. Бүгінгі таңда осы агенттік пен мемлекеттік қызметке түсу, өткеру мәселелерінде көптеген оңтайлы жобалар іске асып жатыр.Алдағы уақытта біз осы бағытты, жүйелі жұмыстарды Мемлекеттік органдармен бірлесіп атқаратын боламыз.
Дөңгелек үстелдің басты спикерлері ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы- Гүлмира Бекзатова, Ұлытау облысының әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Диана Есенова, Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі- Жанагүл Едилбаева “Инклюзивті қоғам”, “Мемлкеттік қызметте гендерлік кемсітушіліктің алдын алу” және “Мемлекеттік қызметте теңдік қағидатын іске асырудың құқықтық негіздері” тақырыбында баяндама жасады.
Жаңагүл ЕДІЛБАЕВА Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі
Бұл іс-шарада заманауи Мемлекеттік қызметтің тең шарттары мен мүмкіндітері туалы айтылды. Мен бүгінгі сол құқықтық негіздерге жеке-жеке тоқталдым. Жалпы тепе-теңдік қағидасын іске асыру үшін біз өзіміздің заңдылығымызға, конститутциямызға, Қазақстан Республикасының заңына және нормативтік құқықтық актілерді ашып көрсетуім керек болатын. Жалпы, бірге қызмет істейтін әріптестермен, басшылармен, басшылардың өздерінің мамандарымен екеуінің ара-қатынасы жалпы тепе-теңдікке де тоқталдым.
Сонымен қатар, шараға жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әдеп жөніндегі уәкілдер, жас мемлекеттік қызметшілер де белсене қатысты.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ“ҰЛЫТАУ” ТЕЛЕАРНАСЫ