ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жүйелі жұмыстар жалғасын тапты

Бөлісу:

Облыс әкімі ат басын бұрған алғашқы нысан - №8 гимназияның спорт алаңы. Мұнда алаң заманауи үлгіде толықтай жаңартылатын болады. Жұмыстар 25 ші маусымда басталған. Алайда, аймақ басшысы аталған жобаны сынға алды. Бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігі ескерілу қажет деді Берік Әбдіғалиұлы.

Спорттық алаң жобасының кей тұстарына өзгеріс енгізіледі. Бұл жұмыстар білім басқармасының бақылауына алынбақ. Тапсырысты орындаушы «Самға» мердігерлік компаниясының өкілдері спорт алаңы алдағы он күнде дайын болады деді.

Әрі қарай Берік Әбдіғалиұлы бастаған топ қалаішілік сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүргізіліп жатқан Бейбітшілік даңғылының бойында аялдады. Айта кетейік, қаладағы кәріз желілері кезең-кезеңімен жаңартылуда.

Әкім аралауы әрі қарай №22 ЖББМ ғимараты ауласында жалғасын тапты. Аталған білім ордасында да спорттық алаң жаңартылмақ. Бірақ, жұмыстар әлі басталмаған...

Спорт алаңы жобасынан бөлек мұнда - мектеп ауласындағы жылу желісінің құбыры жер астына кіргізіліп, абаттандыру бойынша да бірнеше шаралар қолға алынбақ. 

Ал, мынау Сейфуллин көшесі мен Гагарин көшесінің қиылысы. Жолдарды орташа жөндеу жұмыстары істелуде. Айта кетейік, биыл облыс орталығында жөнделетін жолдар ауқымы 57 көшені қамтиды.

Жол жөндеу жұмыстары -Жезқазғанда сәуір айында бастауын алды. Оған облыс және қала бюджетінен - 4 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Берік Әбдіғалиұлы жұмыстардың сапалы болуымен және уақытында аяқталуын   қадағалауда ұстауды қала билігіне міндеттеді.

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты