ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Таза жағалау" акциясы

Бөлісу:

Кеңгір су қоймасы жағалауында жүргізілген тазалық шараларының экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор.   «Таза жағалау»акциясы Ұлытау облысының экология департаменті сонымен қатар бірнеше мекемеден жалпы саны 220 қызметкер қатысты. Сенбілік барысында Кеңгір жағалауымен қатар қала көшелері мен саябақтарға да тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 3 шақырым аумақ тазартылып, 25 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды. 

Дастан ТІЛЕУБЕКОВ Ұлытау облысы бойынша экология департаменті басшысы

Барлық кәсіпорынның қатысуы өз жемісін бергенін атап өткім келеді. Бірақ, бүгінгі күннің ауа-райына байланысты кейбір ұйымдар шыға алмады. Бұл іс-шара келесі аптада да жоспарланып, оған барлық кәсіпорындар мен  ұйымдар қатысады. Бұл акцияға облыс тұрғындары да қатысады деп сенемін.

Айта кетейік, атқарылған сенбілік су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су обьектілерінің тұрмыстық,өндірістік қалдықтармен ластануын алдын алуға бағытталды. Сәуір айынан бастау алған сенбілік жұмыстары әр апта сайын үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері табиғат жанашырларының да қатары көбеюде. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ 

«ҰЛЫТАУ»  ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты