Ардагерлер кеңесінің бұл жолғы жиынының тақырыбы: - Бүгінгі қоғамдағы Аналар мен әжелердің рольі негізінде болды. Жалпы, қазақ әйелінің қайраткерлік болмысы осы отырыста кеңінен айтылды. Ақылдың кені саналатын әжелер жайында «Кешегі Әже», «Бүгінгі Әже», және «Ертеңгі Әже» атты тақырыптарда көргені мен түйгені көп қариялар пікір алмасты.
Ардагерлер кеңесі мұндай форматтағы дөңгелек үстелдерді жиі ұйымдастырып тұрады. Мұндағы мақсат: жаһандану заманына арбалған қоғамға ұлттық салт дәстүр мен құндылықтарды үлгі ету.
Болашақта ардагерлер кеңесі аталған тақырыптағы жүздесулерді колледж бен ЖОО орындарда өткізбек ниетте.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы