Күн тәртібіндегі басты мәселе – халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту. Яғни, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету. Көп жағдайда кейбір кәсіпорындар өздеріне лайық мамандарды таппай, кадр тапшылығын сезінеді. Ал, дәл сол уақытта қолынан іс келетін жандар екі қолға бір күрек боларлық жұмыс таппай, сергелдеңге түсіп жүруі мүмкін. Сондықтан да, жұмыс беруші мен іздеушінің жүздесуіне қолайлы алаң – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып отыр. Жәрмеңке жиі ұйымдастырып, қалың көпшілікке ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Аталған шараға 16-дан аса жұмыс беруші ұйым қатысты. Жалпы 200-ден астам бос жұмыс орны бар. Жұмыс орындардың көпшілігі педогогика, медицина және құтқару саласы бойынша.
Айта кету керек, өңірде жастардың бастамаларын қолдау бойынша жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді, 1 маусымнан бастап "Жасыл ел" фронт-офистері ашылды,. Сондай-ақ студенттерге арналған жастар практикасы бағдарламасы жұмыс істейді.
Перизат Дәлкенқызы, Айдос Өмірбекұлы, Ұлытау