ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ұлттық киім ұлықталды

Бөлісу:

Ең әдемі киім – ұлттық киім.  Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. «ұлттық киім-ұрпаққа мұра» атты көрме  жәрмеңкеге Ұлытау облысынан бас аяғы 10 қолөнер шебері қатысты. 

Зағира ҚАЛМЕНОВА Жезқазған тарихи археологиялық музейінің басшысы 


Негізінде «қолөнер- дәстүр жалғасы» жобасы 2023 жылдың қазан айында бастау алған болатын. Алғашында республика күніне арнап жасадық. Ал осы жолғы жобамыздың екінші кезеңінде қазақтың ұлттық киімдері қойылды. Жоба мақсаты Ұлытау өңіріндегі қолөнер шеберлерін насихаттау. 


Заманауи стиль мен ұлттық нақышты ұштастырған киім үлгісі соңғы жылдары  сәнге айналды. Ұлытаулық Жанар Бегаевның негізгі мамандығы-есепші. Бүгінде анасынан дарыған өнерді жалғап келеді. 

 

Жанар БЕГАЕВА қолөнер шебері (Ұлытау ауданы)


Анам іс тіккен.Тымақ шапанадрады тіккен ол кісі. Іс тігу жағы сол кісіден дарыған. Қазір киімдерді тапсырыспен тігемін.  Сахнадағы жандарға киім тігемін. Көп жастар қазақи нақышта киінгенді жақсы көреді . Мысалы жастар Турцияға барамын деп қазақи нақышта шапан тігіп бергем. Америкадан да тапсырыс түсті. 


Тіпті әлемге әйгілі брендтер де этностильге көз тіккен. Этностиль демекші жезқазғандық Балнұр Амандық туындыларды өзі ойластырып шығарады. Табиғатынан біреудің жасағанын қайталағысы келмейтін ол  ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп жүр. 


 Балнұр АМНАДЫҚ қолөнер шебері (Жезқазған қаласы) 


Мына ерте дәуірден келе жатқан қазақымыздың сары майдай сақталған тарихынан алып қазіргі заманауи стильмен ұштастырам отырып тігемін. Оны күнделікті кез келген киіммен киюге болады. Тек наурыз айында ғана емес, күнделікті киіп жүруге болады. 


Ұлттық киім– ұлтымыздың айнасы. Ісмерлер, күнделікті жұмысқа киетін, әсем сәнді киімдердің де сан түрін ұсынды. Бүрмелі көйлек, оюлы қамзол бұрымдыларға керемет жарасуда. Осылайша олар Ұлытау қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір  екенін тағы бір паш етті. Айта кетейік, көрме жәрмеңке 25 наурызға дейін жалғасатын болады. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
 

 


 

 

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты