Наурызнама онкүндігі мынадай: Әз-Наурыз 14 наурыз күні – Көрісу, яғни Амал мерекесімен басталады. 15 наурыз – Қайырымдылық, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.17 наурыз – Шаңырақ, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні облыс көлемінде бірқатар іс-шаралар өтеді. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. 21 наурыз – Ынтымақ, ал 22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні Ұлытау облысының қалалаыр мен аудандарында концерттік бағдарламалар,тетрландырылған көріністер,мерекелік сауда саттық,киіз үйлер конкурстар, спорттық шаралар ұйымдастырыалды. 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Осылайша Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингіде Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұхан мен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Түгелбаева онкүндіктің жоспарын таныстырды. Наурыз мерекесін атап өту жөніндегі жаңа тұжырымдамаға сәйкес облыстық деңгейдегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған 80-ге жуық іс-шара еніп отыр.
Дархан МҰХАН Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы
-Жалпы дайындық жұмыстары 12 наурыздан басталды. Қала аудандарда, көрнекі безендіру,ақпарат құралдарында наурызға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ онкүндік аясында облыста жаңа бизнес нысандарының ашылуы, кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер табыстау, меценаттарға құрмет көрсету, сұлулық байқаулары жоспарланып отыр. 21-22 наурызда мерекенің негізгі іс-шаралары өтеді.
Ғалия ТҮГЕЛБАЕВА Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының м.а.
Нақты іс-шара 22-ші наурыз күні. Алашахан даңғылынан басталып, Алаш алаңына денйінгі көш керуенмен басталады.Көш керуеннің 1 ерекешлігі облыс жұртшылығы тек көрермен болып қызықтамайды.Биыл Жезқазған қаласының әкімдігінен мынандай ұсысын түсті.Жезқазғанның 70 жылдығына 70 әже,70 ана, 70 ару қыз, 70 сал сері жігіттер көш керуенмен жүріп өтеді.
Мерекелік іс-шаралар облыс аудандарының шалғай ауылдарында да ұйымдастырылып, мейрам тек мәдени-көпшілік қана емес қайырымдылық сипат алады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ