ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімінің қабылдауы

Бөлісу:

Алдымен аймақ басшысы баспана мәселесін қаузаған Жаңаарқа ауданының тұрғыны Мадияр Ерубаевпен зум платфорамсы арқылы тілдесті. Берік Әбдіғалиұлы  2019 жылдың 16 мамыр айында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 2 тармағына сәйкес, яғни «халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар» онын ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектер қатарындағы» санаты бойынша тіркелгенін жеткізді.


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 


Үйді ешкімге кезектен тыс бере алмаймыз. Заңның талабы. Соны дұрыс түсінуді сұраймыз. Жаңаарқада үйдің құрылыстары жүріп жатыр. Тек күту керек. 


Қабылдауға келесі болып кірген центр нова диагностик өкілдігін Жезқазғаннан ашқан Нұркен Алпысбаев денсаулық сақтау саласындағы бастамаларын айтты. Одан әрі ұлының Қазақстаннан тыс жерде емделуіне қаржылай қолдау сұрап келген Ғазиз Сархановты қабылдады. 


Ғазиз Сарханов Жезқазған қаласының тұрғыны 


Баланы Астана,Алматы бәрі жерге апарып емделіп ,енді бауыр айырбастайтын жағдайға жетіп отырмыз. 250мыңға үй жалдап Астанаға барып емделдік. Сосын ота жасалмайды деді. 68 келі ұлым 43 келі болып қалды. 


Ал, Владимир Ерофеев аймақ басшысына «автомобилист» саяжай кооперативінің мәселесін көтеріп келген. Ұлытаулықтарды алаңдатқан барлық сұрақтарды  мұқият тыңдап шыққан облыс әкімі  басқарма,бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты