Александр Островскийдің «доходное место» шығармасы осыдан 2 ғасыр бұрын жазылғанымен әлі де өзекті. Оқиға желісі былай басталады: отағасы әйеліне мына байлықтың бәрі қалай келіп жатқанын түсіндіреді.
Досхан СӘКЕН С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының директоры
Жалпы спектакльдің дайындығы 1 жыл уақыт алды. Шығарманың аударма,дайындық жұмыстары бар. Одан кейін бізд спекткльдің режиссері Ресейдің мамандары. Фрнциялық маман қоюшы суретші болды. Сондықтан мұны халықаралық жоба ретінде қабылдадық.
Островскийдің шығармасы комдеия ретінде жазылғанымен, қазір комедия емеске айналып отыр дейді театр директоры. Қоғамның дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күрес енді осылай жүріп жатыр.
Қуанышбек АБИШЕВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің превенция басшысының орынбасары
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған және олардың салдарын көрсету болды.
Санаға сәуле, жүрекке салмақ түсірер спектакльден көрерменнің көңілге түйері де көп .Туындыны көруге келген Ольга Сотникова қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселені қозғаған дейді.
Ольга СОТНИКОВА көрермен
Бұл тақырып әлі де актуалды болып отыр. Әртістер жоғары деңгейде ойнап шықты. Барлығын ашып көрсете білді.Сыбайлас жемқорлықпен күрес өте маңызды. Оның қоғамға зиян екенін балалардан бастып айтып түсіндіріп отыру керек деп ойлаймын.
Қойылымды сомдаған әртістер адалдық ардың ісі екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеселге қоғам болып күш біріктіріп, қызмет ету керек екенін жеткізе білді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ