Білім ордасында өткен шараға – мектеп оқшуылары мен ұстаздары және ата аналар қауымы белсенді қатысты. Аз қамтылғанмен, соныемн қамқорлыққа алынған балаларға арналып арнайы мерекелік дастархан жайылды.
Бүгінгі игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады дейді шара ұйымдастырушылары. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді.
Қайырымдылық шарасында оқушылар тақырыпқа сай тақпақтар айтып, Наурыз мерекесіне сай викториналық сауалдар қойылды. Кеш соңы белсенді қатысушыларға құрмет көрсетумен мәреге жетті.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы