Жұмыс беруші мен іздеуші бетпе-бет кездесіп, ашық алаңда тікелей тілдесті. Аталған жәрмңкеге 27 мекеме 220 бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жарас ЕРШЕЕВ Жезқазған қалалық мансап орталығының басшысы
Қазіргі таңда кадр мәселесі өте өзекті болып тұр. Мемлекеттік мекемелерде кадр тапшылығы сезілуде. Орташа жалақы енді Жезқазған қаласы бойынша 217мың теңге болғандықтан әзірше бос орындарға кандидаттар табылмауда.
Жәрмеңкеден қалалық прокуратура өкілдері де табылды. Онда прокурорлар алиментке берешек азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпал етті.
Ринат Мұсахан Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры
Қазір 10адам тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алып, 5 адам кәсіпкерлермен әңгімелесуге жолдама алды. Біз өз тарапымыздан прокуратура органдары алимент берешегі бойынша 3 айдан төлемеген борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Сондай-ақ Полиция басқармасы да жас мамандарды іздейді.
Жұмысқа тұрған қызметкерге жалдап жатқан үйдің ақысы төленеді, әлеуметтік көмек міндетті түрде көрсетіледі.
Сабыржан Сейтжанов Жезқазған қаласы ПБ бастығының тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасары
Бұл жерде жасы 35-тен аспаған заң білімі бар, экономикалық,қаржы, заң білімдері бар азаматтар шақырылады. Немесе арнайы орта білімі,әскери билеті бар азаматтар осындай жұмыс орнына шақырылады.
Диплом қалтада,жұмыс қайда қашады? Түрлі мамандық бойынша жоғары және арнайы оқу орнын аяқтап келген түлектердің дені осындай ойда. Қолына қос-қос диплом алғанымен көбі неге жұмыс таппай сенделіп жүр. Тіпті, ел асып, өзге мемлекетті паналап, жан бағып жүргендердің не білгені бар? Өзіміздің өңірде де екі қолға бір күректі алдыңызға әкеліп беріп жатыр емес пе? Тек дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келсеңіз жеткілікті.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ