ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жиынға Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Роман КИМ және жас мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиын барысында қатысушыларға Президенттік жастар кадр резервінің төртінші кезеңі туралы жан-жақты ақпарат берілді.


 

Роман КИМ  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы



 


Бүгінгі жиын аясында жас мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне қабылдаудың талаптары мен тәртібі туралы кеңінен ақпарат бердік. Егер сұрақтар туындаса, соларға нақты жауап беріп, түсіндіруге дайынбыз. Сондай-ақ, 35 жасқа дейінгі жастарды осы мүмкіндікті пайдаланып, белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл бастама – жас мамандар үшін мансаптық өсудің тиімді жолы әрі кәсіби дамуға мол мүмкіндік береді.

 

Байқау осымен 4-рет өткізіліп отыр. Үміткерлерді іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Құжаттар онлайн түрде қабылданады. Тіркелу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек. Комиссия шешімімен іріктеуден өткен 50 үздік жас, кадрлық резервке қабылданады.Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ


«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще