МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ulytautv 23-май, 10:05 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ҰЛЫТАУ АУДАНЫ
Мәдениет – ұлттық болмыстың мәйегі, халықтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани келбеті. Қай елдің өнері мықты болса, сол елдің еңсесі де биік болмақ. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында атқарылған істер сараланды. Аудан әкімінің орынбасары құттықтауын жеткізді.
Алмат САКИПОВ Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары
Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Мәдениет саласының 4 қызметкеріне аудан әкімдігінің құрмет грамотасы табысталды. Марапат алғандардың қатарында Жезді кенті мәдени –сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі Алмагүл Кадирова бар. Мәдениет саласында 10 жыл еңбек еткен ол еңбек жолын музыка пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Алмагүл КАДИРОВА Жезді кенті мәдени –сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі
Аудан әкімінің алғыс хаты 9 маманға берілді. Құттықтаулар легін, аудандық мәслихаттың және «Аманат» партиясы Ұлытау аудандық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов жалғап, партия атынан бірқатар мәдениет қызметкеріне марапат тапсырды. Сондай-ақ облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаты да сала мамандарына табысталды.
Майя КУМДАШ Байқоңыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Ақмарал МАҒЗҰМОВА Сарысу ауылдық клуб үйінің музыкалық жетекшісі
Айта кету керек, ауданда 32 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді. Онда 300ден астам адам еңбек етіп жатыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ