МЕЙІРГЕРЛЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Соңғы жылдары мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы арта түсті. Қызмет ауқымының кеңеюі мен өкілеттіктердің берілуі олардың медицинадағы рөлін жаңа деңгейге көтерді. Қазіргі таңда Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласында 2350 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді, оның ішінде 1960-тан астамы – мейіргерлер.


Мейіргерлердің мерейін үстем қылған шарада Нұрзада Сұрап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.  Ол медицина саласына 41 жылын арнаған тәжірибелі маман. Өз еңбек жолын Талап ауылында фельдшер ретінде бастаған ол бүгінде Жезқазған қалалық емханасында мейіргер болып жұмыс істейді


 

Нұрзада СҰРАП Жезқазған қалалық емханасының мейіргері

 

Осы еңбек жолымда жақсы кісілдерің кездескеніне қуаныштымын. Бір-бірімізді сыйлап түсінгенімізге.Биылдан бастап зейнетке шықтым. 4 ай болса да еңбек жолымды әрі қарай жалғастырудамын. Барша әріптестеріме, басшыларыма алғысымды айтамын.


Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында мамандарды кезең-кезеңімен даярлау жүйесін енгізді. Бұл жүйе базалық білімнен бастап бакалавриат, магистратура және докторантура сияқты академиялық деңгейлерді қамтиды. Қазіргі таңда елімізде 94 медициналық колледж және 7 жоғары оқу орны мейіргер ісі мамандарын оқытады. Солардың қатарында – жоғары оқу орны мәртебесіне ие Жезқазған медициналық колледжі де бар. Мұнда қолданбалы бакалаврларды даярлаудың жеделдетілген бағдарламасы іске асырылып келеді.


 

Тағы бір топ сала мамандары ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен,алғыс хатына ие болды. Марапат алғандардың қатарында Сәтбаев қалалық емханасының мейіргері Апиза Ахметова да бар. Жалпы еңбек өтілі 32 жылды құрайды екен


 

Апиза АХМЕТОВА Сәтбаев қалалық ауруханасының мейрігері

 

Мейіргерлердің халықаралық күніне орай мені Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Бұл мен үшін үлкен қуаныш! Көрсеткен құрметтеріңізге алғыс айтамын! Барша еліміздің мейіргерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Әріптестеріме табыс пен зор абырой тілеймін.


 

Ұлытау облысы әкімінің және «Сенім»  кәсіподақ ұйымының  құрмет грамотасы мен алғыс хаттары да тапсырылды.  Саналы ғұмырын медицина саласына арнаған сала ардегреліне де айрықша құрмет көрсетілді.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще