ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Бұған дейін үш іріктеу кезеңі өткізілген. Бағдарлама аясында 400 жас маман резервке қабылданған. Қазір олардың 80 пайызы мемлекетте қызмет етеді.Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Роман Ким Президенттік жастар кадр резервінінің төртінші іріктеудің ерекшеліктеріне тоқталды.


 

Роман КИМ ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы

 

Төртінші іріктеудің ерекшелігі – әрбір бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету масқатында әр кезеңде пропорционалды іріктеу өткізу, яғни, резервтің сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізілетін болады.

 

Яғни, үміткерлер тестілеуден өтіп, ситуациялық тапсырмаларды шешеді және сарапшылармен сұхбаттасады. Резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады. Мамандардың сөзінше, үміткерлерге қойылатын талап биыл өзгерген жоқ.


 

Роман КИМ ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы

 

Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

 

Сонымен қатар, жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді жетік меңгерген ҚР азаматы болуы тиіс. Ал 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуге құжаттарды қабылдау 1 маусымда басталып, ай соңына дейін жалғаспақ.Әр кезеңнің нәтижесі үміткердің жеке кабинетінде және Ұлытау облысы әкімдігінің, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің ресми сайттарында жарияланады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще