«ЖАС ҚҰТҚАРУШЫ» САЙЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
Ulytautv 16-май, 09:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Екінші кезеңде қатысушылардың шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттері сыналады.Жас құтқарушылардың алдымен суда адамның өміріне қаншалықты араша түсе алатындары тексеріледі.Сайыс шарты бойынша қатысушылар барлық ережелерді сақтап, уақытында тапсырмаларды дұрыс орындау керек.
Серік МҰҚЫШ Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің №5 ӨСБ бастығының орынбасары
Балалар қауіпсіздік ережелерін жалпы мектептерінде, арнайы үйірмелерде меңгеріп келген. Әрине, тапсырма оңай емес.Олар,алғашқы медициналық көмек көрсетумен қатар, жапа шегушілерді құтқару мен іздестіру жұмыстарын жүргізудегі қарым-қабілеттерін көрсетті.
Дінасыл АХАТ «Жас құтқарушы» облыстық сайысының қатысушысы (Қаражал қаласы)
Жарыс қорытындысы бойынша жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытқан Жаңаарқа ауданының командасы 1-орынды жеңіп алды. Енді олар республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды. Сәтбаев қаласының жас құтқарушылары 2-орыннан көрінсе, Жезқазған қаласының командасы3-орынды еншіледі.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, МҰҚАҒАЛИ СЕЙТҚАЗЫ,
АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ