МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытау облысында 109 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді. Онда мың жарымға жуық адам еңбек етіп жатыр. Солардың 50-ге жуығы  бүгін түрлі марапатқа ие болып, құрмет-қошеметке бөленді. Жергілікті билік тарапынан мәдениетке, өнерге қолдау арта бермек.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Мәдениет және өнер мекемелерін материалдық- техникалық базалар нығайту басты назарда. Атап айтсақ,Т.Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының 50 жылдығына орай гастрольдік іс-сапарларға шығу үшін жайлы автобус сыйға тартылды. Және облыстың кітапханасына жаңа үлгшідегі жиһаздар алынды. Мұндай игі шаралар жалғасын табады. Кәсіби мамандармен толықтыру үшін елімізге танымал өнер иелерін тарту мәселесі күн тәртібінде.

 

Мерейлі кеште , ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік награда «Ерен Еңбегі үшін» медалі Ұлытау аудандық Мәдениет үйіне қарасты Егінді ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Гаухартас Жүнісоваға тапсырылды.  


 

Гаухартас ЖҮНІСОВА  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

 

Клуб меңгерушісі болып 18 жыл еңбек еттім. Биыл міне зейнет жасына толып отырмын. Өзімді бақытты жан санаймын. Марапаттау рәсімі өтіп,Ерен еңбегі үшін медалін алып отырмын. Әлі де болса еңбек етемін.


 

Мәдениет саласының 3 майталманына мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі берілді. Сондай-ақ мәдениет және ақпарат министрлігінің, Облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары иелеріне табысталды. Одан әрі мәдениет саласының үздіктері Ұлытау облысының әкімі тағайындаған 23 номинация бойынша марапатталды. Әр номинация иегеріне 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.


 

Беимбет САРЫМСАҚОВ «Халық әнін үздік орындаушы» номинациясының иегері

 

Жаңаарқа ауданының мәдени-сауық орталығының іс-шара ұйымдастырушысы  болып 15 жыл еңбек етіп келе жатырмын. Бүгінгі марапатқа қуаныштымын.

 

Басты марапат - «Мамандығына адалдығы үшін» және 1 млн теңге ақшалай сыйлық. Бұл марапатқа Тайжан Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облысы филармониясының әншісі Зәуре Омарова лайық деп танылды. Айта кету керек, Зауре Бигалымқызы 40 жыл мәдениет саласында үздіксіз еңбек еткен, «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері.


Зәуре ОМАРОВА «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясының иегері

 

40 жыл болыпты ебек етіп жатқаныма. Уақыт деген зыр етіп өте қалыпты. Бүгін азды көпті еңбегімді бағалап жатқанына қуаныштымын. Өнер жолы қиын жол. ЖАстарға сәттілік тілеймін...Бүгінгі мереке құтты болсын.

 

Елдің атын шығаратын негізгі екі сала бар олар: мәдениет пен спорт. Сондықтан да халқымыз өнерпаздарын әрдайым құрмет тұтқан.Іс-шара соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще