ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Ulytautv 30-май, 09:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Турнир 2 күнге созылды.Еліміздің 10 ға жуық облысы мен қалаларынан келген 300-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынасты.14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.
Жандос ҚАЙСАРОВ бас төреші
Бұл турнир Батырлан Сариновтың жарқын бейнесін еске алып,жас спортшыларға үлгі болуды көздейді. Бірнеше жыл бұрын жасөспірімдер арасында басталған жарыс,бүгінде ауқымы кеңейіп келеді.
Орал ЖҰМАҒАЛИЕВ Б. Сариновтың жаттықтырушысы
Турнир барысында әр белдесу тартысқа толы болды.Спортшылардан жеңіске деген жігер мен жаттығудың нәтижесі байқалды.
Жарыс соңында жеңімпаздарға 70 мың теңге, екінші орын иегерлеріне 50 мың, үшінші орын алған спортшыларға 30 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды. Сонымен қатар, әр салмақта топ жарған спортшының бапкері де марапатталды. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан жарыс келер жылы бұдан да жоғары деңгейде өтпек.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ