ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Республикалық турнирге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен бастаған жергілікті билік өкілдері арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарыс ұйымдастырушылары мұндай турнирлер арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырамыз дейді.


 

Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

 

Бүгінгі додада ең мықты спортшы жеңіске жетсін. Сіздердің алға қойған мақсаттарыңыз бар,  сол мақсаттарыңызды орындап, еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Бүгінгі сайыста ең мықты жеңіске жетсін, сәттілік тілеймін.

 

Зухрап ДАУМБАЕВ  Жезқазған қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  

 

Бұл жарыстың мақсаты- бұқаралық спортты дамыта отырып, келешек ұрпаққа осындай ағаларымызды дәріптеу және осы спорт түрін ары қарай дамытып,жалғастыру.

 

Спорт саласында өзіндік қолтаңбасы бар спортшыны еске алуға арналған дода өңірімізде жыл сайын ұйымдастырылады.


 

Қадыр ҮҢГІТБАЕВ Б.Сариновтың атасы

 

Бүгінгі осы турнирді Жезқазған халқының  тұрғыны ретінде, мына Батырлан баламыздың  атасы ретінде үлкен қуанышпенен еске алып тұрмын. Мемлекетіміздің басшыларына, қаламыздың басшыларына осындай құрылыс салып беріп, мүмкіндік жасағанына мың да бір рақмет. Келешек біздің Қазақстанның жастары осы үкіметтің қамқорлығын, елдің қамқорлығын осы спорт түрінен ақтайды деп ойлаймын.

 

Айлана ЖӘНДІЛДИНОВА Б.Сариновтың қызы

 

Бұл мен үшін ең үлкен құрмет болып саналады. Сондықтан да баршаңызға, осы турнирге қатысып жатқан қатысушыларға, төреағашыларға ең үлкен алғысымды айтамын. Және де әкем үшін бұл спорт өмір салты еді. Ол үшін әділдік, батырлық, ерлікті бағалайтын адам болған. Сіздерге сәттілік. Таза күрес және де жарқын жеңіс тілеймін әр адамға.  Әкемнің рухы осындай жарқын сәттермен өмір сүре берсін деп тілеймін.

 

Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен  300-ден аса дзюдошы келді. Жыл санап, жарысқа қатысушылардың саны  артып келеді. Дзюдошылар  жоғары әзірлікпен, жүлде үшін бекініп келгендіктерін бірден байқатты.


 

Манас МЫРЗАХМЕТОВ  жарысқа қатысушы (Қарағанды облысы)

 

Спортта 10 жасымнан бері жүрмін. Енді еңбек етіп жүрк. Барлық еңбек ақталу керек, ағайларымыздың үмітін үзбеуіміз керек. Үйде ата-анамыз бәрі тосып тұр. Енді финалда жеңімпаз боламыз деген ойдамыз.

 

Сонымен дүбірлі бәсекеде әр салмақ дәрежесінде белдескен жас спортшылар өзара кім мықтыны анықтады. Батырлан Саринов атындағы дәстүрлі дода келер жылы да өз жалғасын табатын болады.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще