БАЛАНЫҢ ҚУАНҒАНЫ – БІР БАҚЫТ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Балаларды қорғау күні- бұл тек көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар бүлдіршіндердің құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ой салатын күн. Дәстүр бойынша бұл жолы да «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Аманат» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері 120 баланың үйіне барып құттықтап, тәттілер үлестірді, сыйлықтар табыстады.


 

Силар ҚИЯҚБАЕВ Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты

 

«Kazakhmys Smelting» басшылығы атынан жылдағы үрдіс бойынша балалар күніне орай қаладағы ерекше балаларға әрдайым сыйлықтарымыз бар. Басты мақсатымыз балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бала біздің болашағымыз. Аман болсын.

 

Ерлан МЫРЗАБЕКОВ «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы

 

Балалар күніне орай біз осы 1 апта бойы іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Балалар арасында конкурстар өткіздік. Бүгін міне Қазақмыс Смелтигнпен бірге, балларды қуанттық.  

 

Мерекеде ғана емес, үнемі қарайласып, қолдау білдіріп отырады. Осылай деп ағынан жарылған ата-аналар мереке қарсаңында балалардың мерейін көтеріп тастаған жандарға алғыстарын білдірді. 


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще