ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ БАСТАЛАДЫ
Ulytautv 30-май, 14:50 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ауқымды статистикалық зерттеу Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қаулысы негізінде өткізіледі. Санақ екі кезеңнен тұрады: 1–31 тамыз аралығында азаматтар sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн сауалнаманы өз бетінше толтыра алады. Ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін арнайы оқытудан өткен интервьюерлер елді мекендерді аралап, сауалнама жүргізетін болады.Ұлытау облысында бұл жұмысқа 30-дан астам санақ персоналы тартылады. Негізгі мақсат – аграрлық саланың нақты ахуалын бағалап, сенімді деректер жинау.
Сәния ЖӘРІМБЕТОВА Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департамент басшысы
Зерттеу барысында егістік көлемі, мал басы, ауыл шаруашылығы техникасы, жұмыс күші мен инфрақұрылымға қатысты нақты мәліметтер жинақталады.
Санақ барысында сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар sanaq.gov.kz сайтындағы виртуалды көмекшіге немесе 1446 байланыс орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар, ауылдық әкімдіктер мен статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылады.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ