ЕСІРТКІНІ ЗАҢСЫЗ САҚТАП, САТҚАН 5 ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
Ulytautv 30-май, 14:53 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
2019–2025 жылдар аралығында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында бір топ азамат алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде есірткі затын, яғни көкнәр тұқымын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған және сатқан. Аталған дерек бойынша 5 азаматқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 1 және 2-тармақтары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақбота АҚСАЛБАЕВА Ұлытау облыстық прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау және аппеляциялық сатыда қатысу басқармасының аға прокуроры
Ұлытау обылсы Жезқазған қалалық сотының 27 мамырдағы үкімімен қылмыскерлерге 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерізмде бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалған. Ұлытау облысының прокуратурасы есірткі затын заңсыз дайындау, қайта өңдеу,иемдену,сақтау, тасымалдау, өткізу, жарнамалау,қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын ескертеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ