Облыстық семинар
Ulytautv 08-май, 12:24 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шара жас буынды отансүйгіштікке баулуды мақсат етті. Семинар бесінші сынып оқушыларының ант беру рәсімімен басталды. Олар ресми түрде «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына қосылды.
Семинар үш кезеңнен тұрды. Оқушылар түрлі брифингтерге қатысып, дәрістер тыңдады. Сондай-ақ саптық дайындық негіздерін,автоматты жинап шашуды және қарумен жұмыс істеудің тәсілдерін көрсетті.
Шара соңында алдыңғы буын ағалары мен «Жас сарбаз» кадет сыныбының оқушылары мектеп ауласында жас шырша отырғызып,игі дәстүр жалғасын тапты.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ