«Тау барысы – 2025»

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Әулиетаудың етегінде өткен ерекше спорттық шараға Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарының ұстаз палуандары қатысты. Дода басталмас бұрын аудан әкімі Аманжол Мырзабеков сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандарға сәттілік тіледі.


 

Бозкілемдегі бәсекелер 6 салмақ дәрежесі бойынша және абсолюттік салмақта «Тау барысы-2025» белбеуі үшін 74 келіден асатын палуандар арасында өтті. Ұлағатты ұстаздар – ұлттық спортқа да таласы бар екендіктерін дәлелдеді.


 


Айта кетейік, күреске халықаралық дәрежедегі төрешілер төрелік етті. Бірін-бірі алып та, шалып та жыққан шын мықтылар шешуші кезеңде белбеу үшін бақ сынады. Алыптар арасындағы айқаста «Тау барысы – 2025» додасының жеңімпазы Қостанай облысының намысын қорғаған Нұрсұлтан Сәлімжанов атанды.


 

60 қа жуық  палуан ұстаздың басы қосылған дүбірлі дода жыл сайын ауқымын кеңейте бермек. Марапат биігіне көтерілген жүлдегер спортшыларға алғыс хаттары мен медальдар және қаржылай сыйақылар табыс етілді.


 

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще