«WORLDSKILLS ULYTAU 2025» СТУДЕНТТЕР ДОДАСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«Wordskills Ulytau» жобасына өңірде жұмысшы мамандар даярлайтын 10 оқу ордасының студенттері қатысуда. Үш күнге созылатын сайыстарда олар 22 құзіреттілік бағыты бойынша білім-біліктерін ортаға салады. Дәстүрлі доданың ашылу салтанатында жастарға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев сәттілік тіледі.


 

Қатысушылар арасында - Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студентінің қатарына енген Еркеназ Алатау мен аталған байқаудың өткен жылғы жүлдегері Жандос Тезекбай сынды танымал студенттер де бар...


 

Студенттер додасының қортындысын Ұлытау облыстық білім басқармасының бұйрығымен бекітілген қазылар құрамы мен тәуелсіз сарапшылар шығарады.


 

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще