«Ата аналарды педагогикалық қолдау» орталығының негізгі мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым қатынасын күшейту, сондай ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту болып табылады. Аталған бағыттағы ілкімді шаралар мен келелі жиындар өткізуге оқу ордасынан арнайы кабинетте ашылған.
Бекзат Парманкулова, №10 ЖББМ директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Ел басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан қаласында өткен ІІ ші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіндегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын кешенді іске асыру мақсатында біздің №10 жалпы білім беретін мектебінде, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішінде Даналық мектебінде: әже өсиеті, ата ақылы,ағалар мектебі, аналар мектебі өз жұмысын бастады.
Айгерім Сламбек ,жас маман
Бүгінгі таңда білім саласының көптеген реформаларына халықтың еті енді үйренісіп келе жатыр.Осы орайда біздің мектебімізде Даналық мектебі клубы жұмыс жасауда, бұл клубтың басты мақсаты: ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау, және клубтан күтілетін нәтиже, Позитивтті ата -ана мәдениетін қалыптастыру.
Мұғалім, оқушы, ата-ана үштігінің мектептегі ілім мен тәрбие шеңберінде бірлесе жұмыс істеуі – саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытында өз жемісін беруде екен. Бұл жобаға қатысушы ата-аналардың пікірі...
Нұрладдин Саркеев, ата-ана
Қазақ айтады:бір жылдығынды ойласаң егің ек, жүз жылдығыңды ойласаң тал отырғыз, мың жылдығынды ойласаң ұрпақ тәрбиеле.Жалпы ұстаз бен ата-ананың арасындағы тығыз қарым-қатынас бала өміріне үлкен ықпал ететін ақиқат.Бүгінгі ұстаздар осындай елдің баласын тәрбиелеп, жақсы кірпіштерді қалап жатқан жайы бар.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген. Отанның отбасынан, тәрбиенің тал бесіктен басталарын ескеркен ұйымдастырушылар мұндай шаралар легін әрі қарай да жалғастыра бермек.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы