Жезқазған +9° Сәтбаев +9° Қаражал +10° ҰБ бағамы USD 455.00EUR 498.77RUB 5.56CNY 68.12
Жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ЖОБА

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ АЙШЫҚТЫ ЖОБА

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт!» Мемлекет басшысы ұсынған аталған тұжырымдама – өңірдегі оқу ордаларында Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеясына айналуда. Бастама аясында – Ұлытау ауданына қарасты, Сарысу ауылындағы №7 жалпы білім беретін мектебінде жаңа мұражай сыныбы ашылды. Ол қандай сынып?, Тілшіміз толығырақ тарқатсын...

Сарысу ауылындағы орта мектепте 100 ден аса оқушы ілім тереді. Білім ордасында балабақша жасындағы балаларға - қосымша шағын орталық та бар. Аудандағы маңдайалды мектеп – жыл сайын білікті мамандармен да толығуда.

Мектептің жаңа оқу жылындағы жаңалығы: ұлағатты ұстаз, ауылдың ғана емес, тұтас ауданның ағарту саласында еселі еңбек еткен – «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» Сәруар Аппазұлы атындағы математика мұражай сыныбының ашылуы. Білім ордасы ұжымы мен Сәруар Аппазұлының ұрпақтары бірлесе қолға алған жоба – қайраткер тұлғаның есімін жаңғырту мақсатын да көздейді.

Бүгінде ауыл балалары математикалық бағыттағы пәндік олимпидаларда үздіктер қатарынан көрінуде. Бұл әрине, Ұстаз есімін ұлықтаған мұражай-сыныбы жобасының жетістігі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты