Жезқазған +9° Сәтбаев +9° Қаражал +10° ҰБ бағамы USD 455.00EUR 498.77RUB 5.56CNY 68.12
Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА   ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ

Облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа қызметі! Жезқазғанда - Ұлттық ұланның әскери жасағы полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісті.

5575 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі №268 қаулысына сәйкес құрылған. Оның әскери қызметшілері Жезқазған және Сәтбаев қалаларының ішкі істер органдарымен бірлесіп жұмыс істейді. Бөлімнің негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта 70-ке жуық сарбаз Жезқазған аумағында қызмет атқаруға жұмылдырылған. Олардың қатарында еліміздің сегіз өңірінен келген жас жауынгерлер бар.

«КАДРДАН ТЫС Ұлттық ұлан сарбаздарының қызметке кірісуіне орай облыс әкімдігі ғимаратының алдында салтанатты саптық жиын өтті. Жиында әскери қызметшілерге алдағы міндеттері таныстырылып, қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тапсырмалар берілді»

— Бақытжан Жайлаубаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Салтанатты саптық жиыннан кейін әскери қызметшілер қала көшелеріне шығып, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті. Бұл – Ұлытау облысында Ұлттық ұлан сарбаздарын қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту бойынша қолға алынған алғашқы тәжірибе.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің полициямен бірлескен жұмысы өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты