«ТАЗА ҚАЛА» ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

Облыс орталығында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кезекті экологиялық шара өтті. «Таза қала – қысқа дайындық!» атты сенбілікке түрлі мекеме өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Негізгі мақсат – қыс мезгілі қарсаңында қала тазалығын таразылап, табиғатты аялау жұмыстарын жалғастыру.
Экологиялық акцияға өңірдегі діни бірлестіктердің өкілдері де атсалысты. Олар қоғамдық орындарды тазалап, қала аумағын абаттандыру жұмыстарына үлестерін қосты. Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттап қана қоймай, қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға да ықпал етпек.
Сенбілік аясында колледж ұжымдары мен студенттер де белсенділік танытты. Оқытушылар, білім алушылар мен еріктілер - мұндай ортақ шаралардың туған өлкенің тазалығын сақтауда маңызы зор екенін атап өтті.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Бұл – «Таза Қазақстанның» негізгі ұстанымы!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


